Бүгін 2011 жылдың 18 сәуірінде сағат 15. 00 -де Алматы қаласының әкімдігінде (№ 3 зал) «Алматыда жолды жөндеу мен салу маусымының басталуы» деген тақырыпта баспасөз – мәслихаты өтті.

Конференцияға қатысқандар:

Владимир Петрович Меренков – Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы

Ғани Әуезханұлы Мырзаханов– Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары

және БАҚ өкілдері.

Конференцияда төмендегі мәселелер қаралды: Әрі қарай оқу


ӘРУАҚТЫ ҚҰБЫЛЫС

Нұрлан ОРАЗАЛИН,

Қазақстан Жазушылар одағы

басқармасының Төрағасы,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

сыйлығының лауреаты

 

Үстіміздегі жыл қазақ халқы үшін, әрбір қазақстандық үшін екі бірдей ұлы оқиғамен есте қалары даусыз.

Бірі – күні кеше ғана Елордада өткен әлемнің елу алты елінің басын қосқан, ұлы дүбірі құлағымыздан кете қоймаған, күллі қазақстандықтардың жүрегін атша тулатып, намыс пен жігеріне қанат бітірген ел тарихына алтын әріппен жазылар тарихи ұлы оқиға – Астана Семмиті болса, екіншісі – ерлік пен елдік хақындағы жадымызды қайыра жаңғыртып, ұлт пен ұлыс өмірінің талайлы, тағдырлы кезеңдеріне ойша оралтқан, жиырмасыншы ғасыр кіндігін кескен қазақтың хас батыры, даңқты қолбасшы, дана перзенті, көрнекті жазушы, кемеңгер ойдың иесі – Бауыржан Момышұлының жыл бойына еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып, мәресіне жеткелі отырған бүгінгі жүз жылдық мерейтойы. Әрі қарай оқу


АРҚАЛЫ ЖЫРДЫҢ ТҰҒЫРЫ

1. Сұрақ. Тәуелсіз Қазақстанды болжаған, алып империяның бұғауына сыймаған нәзік те асау Жұмекен туралы оқырмандарға не айтар едіңіз?
Жауап. Жұмекен әдебиет майданына өте ерте келген адам, ол өлеңді жастайынан жазған ақын. Ол мектеп қабырғасында жүрген кезінде Елуінші жылдардың басынан бастап жазды. Қазақтың жерін, республиканың солтүстік облыстардың аумағын бөлшектеуге ниеттенген империялық пиғыл сонау тың игеру науқанын бастаған жылдарда жап-жас Жұмекен басын қатерге тігіп, елін-жерін қаламымен қорғаған батыр ақын. Бұрынғы ата-бабаларымыз жерін мыңдаған әскермен, қарумен қорғаса, Жұмекен қаламымен қорғады.
Жұмекеннің «Менің Қазақстанымы» қазақ ұлтының жүрек тебіренісін сомдаған шынайы туынды екенін уақыт дәлелдеп отыр. Әрі қарай оқу


Алматы телеарнасының кәсіби деңгейі және ерекшелігі

Біздің мекен-жайымыз: 

Қазақстан

Алматы

Ғабдуллин даңғылы 88А

Телефон; 2-75 01 01

Факс-75 01 02

Кіріспе:

Теледидар деген іргелі де көрнекті құбылыс, десек те оны көру мүмкіншілігі радиоға қарағанда сирегірек. Радио да адамның ой- қиялын шарықтатады. Адам ешбір телеарна көрсете алмайтын дүниені көз алдына елестете алады. Басты мақсат қала тұрғындарына мейлінше пайдалы да қызықты ақпараттар сыйлау. Тек қана АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА! Әрі қарай оқу


А.СЕМБИН

А.СЕМБИН

2006-05-31:

СЕМБИН

Ол сахнаға жарқ етіп шыға келгенде бір шетте жұлдыз жанғандай болатын. Әнді аяқтай бере театр іші айқайға тұнып кетеді. Өңкей бір өнер сүйген жүректер жарыла жаздап, мұны сахнадан жібергісі келмейтін. Ол көп күттірмей ырғала басып қайта шығады. Сұңғақ, сұлу, сымдай тартылған, тәкаппар, паң. Алып-ұшпайды. Осынша қошеметтің бәрін қалай көтеріп жүр? Жер ойылып кететіндей әр жер-әр жерден маңғаз басады. Сәл ғана иіледі. Болмашы ғана езу тартады. Аса бір сүй­сінгенде сұлу бетінің екі ұшына қызғылт сәуле ойнап шыға келеді. Ал аса риза кейіпке енгенде екі бетінің алабұрт­қан ұшы тереңдеп, жүрегіңді жұлқып кетердей әдемі бір иірім, үйлесім пайда болады. Бір мезет осынау қайталанбас сәттің тұтқынына айналған жұртшылық жүрегі тоқтап қалғандай, тілін жұтып қойғандай үнсіздік орнайды. Осынау сұлу сәтті әркім көңіл түкпіріне қондырып алғысы келгендей іштей тынады, іштей сүйсінеді. Одан әрі әнші тек өзіне ғана тән, сүйекке сіңген сырбаздықпен, жасампаз жараты­лысымен жарқ етіп, екі аяғын екі жаққа сәл алшақ тастап, ұшатын қырандай екі иығын қомдап, кеуде тұсы көріктей көтеріліп, бірде екпіні үй жығардай, енді бірде иығында иінағаш майысып судан қайтқан келіншектің шолпысындай сылдыр қағып, енді бірде даланың жібек желіндей  желпіндіріп, тал бойыңнан кір-қоқысты өзімен бірге әлдебір жаққа қанкөбелек ойнатып ағызып бара жатқан таудың таза, тентек бұлағының сыңғы­рындай даусымен ел біткенді тілсіз байлап-матап тастайды. Дүн-дүния нұрланып бара жатады. Әр ән, әр ария, әр партия осылай аяқталады. Тағы да айқай, тағы да тамсану, тағы да таңқалу, мақтау, мадақтау, сахнаға ағылған жұрт, ду  қол шапалақ. Гүлге оранған сәт… Әрі қарай оқу


Мамлюк

Аңыз:

Ақиқат дегеніміз не?

Осыдан көптеген жылдар бұрын

Мысыр сұлтаны әл-Мәлік ас-Салех

Наджм ад-Дин Аюбидің сүйікті  әйелі

Шаджар ад-Дүр адал қызметшілерінің еңбегі

ел байлығын үстемелейтінін,

ол байлықтарды қорғау үшін

сенімді сарбаздар қажет болатынын

дөп басып айтқан еді.

Ол саудагерлер мен етікшілердің

бұндай ауыр қызметке жарамайтынын түсінген.

Ең оңтайлысы әлемдегі ең мықты жауынгерлер,

сөзге шорқақ, түксиген түркілерге қол жеткізу.

Бала кезінен бауырға бассаң тіптен жақсы.

Жетім болса құдайдың бергені.

Өйткені жетімектер

кең дүниеге өгейсіп қарайды.

Сондықтан жүрегінде аяныш сезіміне орын жоқ.

Баршаға жауыға қарайтын оларда дос та жоқ.

Тек қатыгездік пен темірдей тәртіпке көндіріп,

міндетін ұқтырсаң болғаны.

Оларға ат жалын тартқызамын деп әуреленбейсің,

жерде қобал балалар

жылқыға мінсе қанына тартып,

желдей еседі.

Және байлыққа қызықпайды.

Мұра жиып жөнсіз жанықпайды.

Олар тек бүгінгі күнмен ғана өмір сүреді.

Оларды ауыздықтап отыру керек.

Кісікиік қалпын бұзбау үшін жұртқа жуытпау керек. Аралда өмір сүрсін.

Керек кезінде көмекке шақырып аласың.

Сардарлары болуы керек.

Өйткені, тағылар әлемі күшті ғана мойындайды.

Ал күш деген – көкжал-жетекші.

Соны ұққаннан бері Мысырдың әр уәләяты гүлденіп,

байып келеді.

Оның шекараларын,

ішкі тыныштығы мен заңын

жойқын күш қорғайды.

Сондықтан жаһанда тек бір әділеттілік

–                             Ұлы Сұлтанның Әмірі жүрді.

Сондықтан жаһанда тек бір заң

– Ұлы Сұлтанның Сөзі би болды.

Сондықтан Әмір  мен Сөзге қарсы шыққандардың барлығы Діннің жауы болып саналды.

Бұдан асқан күнә жоқ.

Мысыр елінің  ақиқаты  осылай қалыптасқан. Әрі қарай оқу


Hello world!

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!